15 желтоқсан мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік - ұлт мұраты, ұрпақ болашағы” атты онкүндік жоспары аясында “Көшбасшылық даму: Құндылық. Іс - әрекет. Құзырет” тақырыбында Zoom форматында тағылымды кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы - ауылымыздың тумасы, мектебіміздің түлегі Рустемов Жасұлан Далкенұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департамент басшысы.
Кездесу барысында қонағымыз көшбасшылықтың негізгі құндылықтары - адалдық, адамгершілік, азаматтық жауапкершілік, сондай - ақ мақсатқа жетудегі нақты іс - әрекет пен қазіргі жастарға қажетті құзыреттер туралы өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Білім алушылар қонақтармен еркін пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Бұл кездесу мектеп парламенті мүшелеріне үлкен серпін беріп, туған жердің тәлімін алған жастың елге қызмет етер биік белестерге жете алатынын көрсетті.
Жауапты: Асанханова. Ж. С.